Актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында «Соңыра» фильміне қатысты ойымен бөліс...
Рүстем мен Жанаргүл ұлдарының қазасынан кейін алғаш рет сұхбат берді
Фото: ЖИ
Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановтар ұлдарының қазасынан кейін алғаш рет сұхбат берді. Жанар Байсеміздің подкастында ерлі-зайыпты баласының ауруханада өткізген айларын еске алды. Рүстем емге қатысты әлі де көкейінде сұрақ барын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жанар Байсеміздің айтуынша, ерлі-зайыптының ұлы бұған дейін ауыр дерттен айыққан. Кейін ол басқа ауруға шалдығып, тоғыз ай бойы ауруханада жатқан. Жүргізушінің сөзінше, баланың беті бері қарағанымен, ол емделіп жатқан дертінен өзге себептен көз жұмған. Жүргізуші өлімнің нақты себебін атамады.
“Ұлымның жансыз денесі жатты. Салғырттық та бар. Қазір айтатын болсам, мемлекеттік мәселе көтеріледі. Қандай химия салып жатқаны әлі көбіне жұмбақ”, – деді Рүстем Жаныаманов.
Сұхбатта ерлі-зайыпты ұлынан айырылғаннан кейінгі өмірі мен қайғыны қалай қабылдағаны туралы да әңгімеледі.