Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде Ұлттық қорғаныс университетіндегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті...
22 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
Фото: ЖИ
Жексенбі, 22 қарашада, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің оңтүстік-батысында нөсер, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыста жауын-шашын болмайды. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Астанада күн ала бұлтты болады. Түнде және таңертең тұман түседі, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде −2…0 °C, күндіз +6…+8 °C болады. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +5…+7 °C, күндіз +15…+17 °C шамасында болады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с.
Шымкентте де күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +8…+10 °C болса, күндіз +18…+20 °C-қа дейін көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады.