Атырауда полиция капитаны өзінің қызметін пайдаланып, алаяқтық жасаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL....
Қала көшелерін қою шәрбат басып, 21 адам қаза тапқан
Фото: freepik
15 қаңтарда түскі уақытта қоймадағы алып болат ыдыс жарылып, қала көшелеріне 8,7 миллион литрге жуық қою шәрбат жайылған. Апаттан 21 адам қаза тауып, 150-ге жуық адам жараланған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға кезінде тұрғындар гүріл естіп, әуелде оны жақындап келе жатқан пойыздың дыбысы деп ойлаған. Артынша көшеге қою қоңыр сұйықтық лап қойған. Ыдыста қант өндірісінен қалатын меласса шәрбаты сақталған. Оны қоймадан спирт зауыттарына жөнелтіп отырған.
Кей деректе толқынның биіктігі 4,5 метрге, жылдамдығы сағатына 56 шақырымға жеткені айтылады. Тасқын бірнеше көшені басып, кей ғимаратты іргетасынан ығыстырған. Шәрбат бес минутқа жетпей жайылып болғанымен, оның ізін тазалауға көп уақыт кеткен.
Бұл тарихи апат АҚШ-тың Бостон қаласындағы Норт-Энд ауданында болған. Кейін жергілікті тұрғындар қойма иесіне қарсы ұжымдық талап арыз берген.