Астанада ер адам тұрғын үйдегі екі лифтті қиратып кеткен

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
322

Астанада полиция тұрғын үй кешендерінің бірінде бұзақылық жасап, бірден екі лифтті бүлдірген ер адамның жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға 21 маусым күні кешке Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Бақылау камераларына түсіп қалған бейне әлеуметтік желілерде тарады.

Бейнежазбада ер адамның лифтке кіріп, есіктері мен кабина ішіндегі қаптаманы жұдырықтап, соққыға жыға бастағаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, салдарынан екі лифт те зақымданған.

Тұрғындардың болжамынша, оқиға кезінде ер адам мас күйде болған болуы мүмкін.

Бейне жарияланғаннан кейін үй тұрғындары құқық бұзушының жеке басын анықтап, ортақ мүлікке келтірілген зиян үшін жауапқа тартуды талап етті.

Астана қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта ер адамның жеке басы және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Келтірілген материалдық шығын көлемі нақтылануда.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі компанияның өндірістік бөл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Премьер-министр Олжас Бектенов 10 күн ішінде елге автокөліктерді заңсыз әкелудің жолын кесуге бағытт...