Митинг кезінде адамның қаза болуы туралы ақпарат жалған болып шықты

Жаңалықтар
2318


Фото авторы Василий КрасъФото авторы Василий КрасъНұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева митинг кезінде адам мерт болды деген ақпарат жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Елорда Инфо ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде митинг кезінде полицейлер бір адамды ұрып өлтірді деген жалған ақпарат таратылып жатыр.

«Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, әлеуметтік желілерде тарап жатқан бейнежазбадағы ер адамның ішімдік ішкені туралы ресми түрде хабарлаймыз. Жедел жәрдем бригадасы оған алғашқы көмекті көрсетті. Қазір оның жағдайы тұрақты», – деп мәлімдеді Эльвира Жүргенбаева.

Оның айтуынша, дәрігерлер ер адамды ауруханаға жатқызуға еш негіз жоқ екенін айтқан көрінеді.

 

 

«Нұр-Сұлтан қаласындағы рұқсат етілмеген митингтерде зардап шеккендер жоқ», – деді ол.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі қала тұрғындарынан тек ресми дереккөздер болмаса, жалған ақпараттарды таратпауды сұрады.

САЛТ-ДӘСТҮР

Қоғамда екі орайлы адамдар көп кездеседі. Ол орай қазақ дәстүрінде нені білдіреді? Бұл туралы madeni...

Жаңалықтар

Түрмедегі қылмыскерлер кітап оқығаны үшін бостандыққа ертерек шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды maden...