Шымкентте ұсталған есірткі жасырып жүрген студенттер 15 жылға сотталуы мүмкін

Фото: istockphoto.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1821

Шымкентте есірткі қойып кетіп жүрген студенттер қолға түсті, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Прокуратура мәліметінше, тінту нәтижесінде есірткі заттарын қалдырумен айналысқан 18 жастағы екі студенттен есірткі дозасы бар 50 байламы тәркіленді.

«Олар қала аумағында жасырын жерлерге есірткі заттарын қойып, олардың орналасқан жері туралы мәліметті мессенджер арқылы таратып келген.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оларға бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды», - делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Жол...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актер Азамат Сатыбалды кезекті спектальден кейін төсек тартып қалғанын айтты, деп хабарлады...