“Балта-пышақпен 170-тен астам соққы жасаған”: Ер адам мүгедек танысын өлтіріп тастады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
855

Мәскеуде ер адам өз танысын аса қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.  Қақтығыс кезінде ол мүмкіндігі шектеулі азаматқа балта, пышақ және басқа да заттармен 170-тен астам соққы жасаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Alash.kz сайтына сілтеп.
Оқиға 11 қыркүйек күні Малая Черкизовская көшесіндегі пәтерде болған. Тергеу дерегінше, күдікті алкоголь ішіп, танысымен жанжалдасып қалған. Жеке араздықтың соңы қылмысқа ұласып, ол мүгедектігі бар азаматқа пышақпен, балтамен және әртүрлі заттармен 170-тен аса соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Қазір аталған дерек бойынша “кісі өлтіру” бабымен іс қозғалды. Тергеушілер оқиға орнын қарап шықты, куәгерлерден жауап алды және бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

Күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. Алдағы уақытта одан тергеушілер жауап алады. Қазір істің барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...