Жамбыл облысында анасын қорлаған ер адам ұсталды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
767

Жамбыл облысында ер адам анасын балағаттағаны және есірткі қолданғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сот анықтағандай, 2026 жылғы қаңтарда ер адам үйінде анасына қатысты дөрекі сөздер айтып, былапыт сөйлеген. Сонымен қатар, сараптама оның медициналық көрсетілімдерсіз есірткі және психотроптық заттарды пайдаланғанын растады.

Ер адамның өзі қорлайтын сөздер айтқанын мойындады. Жәбірленуші анасы мұндай мінез-құлықтың ұлы тарапынан алғаш рет емес, үнемі қайталанып тұратынын айтты.

«Сот 2024 жылғы наурызда О. осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылып, оған ескерту берілгенін ескерді. Қайталанған құқық бұзушылық, сондай-ақ масаң күйде болуы ауырлататын мән-жайлар ретінде танылды», – делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...