«Бірден көз жұмған»: Алматыдағы құрылыста бір адамға кран құлап кеткен

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1849

Алматыда Сәтпаев көшесіндегі құрылыс алаңында мұнаралы кран құлады. Бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай сағат 16:00 шамасында болған.

Құрылыс жұмыстары кезінде мұнаралы кран аударылып кеткен.

"Оқиға салдарынан кран операторы қаза тапты. Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда", – деп мәлімдеді ведомстводан.

Алматы қалалық ТЖД дерегінше, оқиға орнында өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы мен өзге де қызметтердің мамандары дереу жеткен.

"Ақпарат нақтылануда. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады қалалық ТЖД.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...