Шымкентте «Нұрайдың ісіне» байланысты полиция басшылары қызметінен кетті

әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
533

Шымкентте қаңтар айында қатыгездікпен өлтірілген Нұрай Серікбайдың ісіне байланысты қалалық полиция департаментінің басшысы мен оның бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Бұл шешім ҚР Ішкі істер министрлігі жүргізген қызметтік тергеудің қорытындысы бойынша қабылданды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Еске салсақ, 11 қаңтарда Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан көз жұмған болатын. Бұған дейін күдіктінің марқұм қызды үнемі қорқытып, артынан аңдығаны белгілі болды. Қыздың ата-анасы полицияға бірнеше рет шағымданғанымен, құзырлы органдар қылмыстық іс қозғамаған.

Қайғылы оқиғадан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ішкі істер министрлігі шұғыл қызметтік тексеріс бастаған еді.

ІІМ мәліметінше, құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені және өз міндеттеріне салғырт қарағаны үшін бірнеше полиция қызметкері де жұмыстан шығарылды.

«Қазіргі уақытта Өзіндік қауіпсіздік департаменті марқұмның туыстарының арыз-шағымдарын тиісінше қарамау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр», — делінген министрлік хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде Шымкенттегі үйлену тойының кортежіне қатысқан көліктердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұ...