Мұхамеджан Тазабек Төреғалидің перзентханада болуына қатысты пікір білдірді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
758

Айтыскер Мұхамеджан Тазабек 7-ші рет әке атанған әнші Төреғали Төреәлі-нің перзентханада жұбайының жанында болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Желіде оқырман тарапынан қойылған сұраққа жауап берген ол бұл тақырыпты кеңінен тарқатып, бұрынғы қазақ қоғамында босану процесіне көбіне тек әйелдер мен әжелер араласқанын айтты.

Ақынның сөзінше, қазіргі медициналық мекемелердегі жағдай мүлде бөлек, сондықтан ер адамның қатысуы кей жағдайда қажет болуы мүмкін.

«Қазіргі перзентханаларда не болып жатқанын білмейсің. Онда түрлі ыңғайсыз жағдайлар болып, бөтен адамдар кіріп-шығып жатады. Сол себепті әйелге қиындық тудырғанша, күйеуі қасында болып, қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз еткені дұрыс», – деді Мұхамеджан Тазабек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...