Әйелінің 2016 жылғы жиенін зорлаған ер адам сотталды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1939

Абай облысында кәмелет жасына толмаған баланы зорлаған ер адам сотталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, сотталушы 2024 жылдың тамыз айында Жарма ауданының Шар қаласында әйелінің 2016 жылы туған жиенін зорлаған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы-прокурор ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындамады.

«Оған педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...