Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлады MadeniPor...
Тоқаев Төтенше жағдайлар министрін қабылдады
Фото: gov.kz
263
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігі қызметіндегі басым бағыттарды айқындап, ведомствоға бірқатар нақты міндет жүктеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Президент маусымдық төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау, аудандық және ауылдық бөлімшелерді одан әрі дамытып, оларды техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру жөнінде тапсырма берді.
Өрт, өнеркәсіп және сейсмология қауіпсіздігі мәселелеріне, халықты хабардар ету жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ қатерлерді болжау мен ерте анықтау үшін цифрлық шешімдерді, жасанды интеллектіні енгізуге ерекше назар аударылды.
Президент ведомствоның кадрлық әлеуетін нығайтып, құтқарушылардың кәсіби даярлығын күшейтуді тапсырды.