Өскеменде 6 жігіт адам өлтіріп, мәйітін аурухана алдына тастаған

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1619

Өскеменде жастар төбелесіп, бір адам қайтыс болды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. POLITICO.KZ-ке сілтеме жасап.

Қылмыскерлер мәйітті Өскемендегі аурухананың алдына әкеліп тастаған. 

Өскеменде жанжал шығып, бірнеше адам жас жігітті аяусыз соққыға жықты. Олар оқиғадан соң марқұмның денесін Абай даңғылындағы аурухананың алдына тастап кеткен.

Қазір оқиғаға қатысы бар үш азамат ұсталып, қалған үшеуіне іздеу жарияланды.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері кісі өлтіру фактісін растады.

«Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жанжалға қатысушыларды анықтап, ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...