Роза Рымбаева еш жерде жарияланбаған суреттерін көрсетті

әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
315

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева әлеуметтік желідегі оқырмандарын жеке мұрағаттағы суреттерімен қуантты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Instagram желісінде жарияланған қара-ақ фотосуреттерде әнші әлі өте жас кезінде түсірілген. Бір суретте ол ақ костюммен, екіншісінде блузка мен шалбар киіп түскен.

Суреттердің астындағы жазбада Роза Рымбаева өзінің “Сол бір кездер” әнінің жолдарын келтірген. Жанкүйерлер жылы лебіздерін білдіріп, пікір қалдырып, тіпті естеліктерімен бөлісті:

“Мен Роза Рымбаеваны дәл осылай көргенмін! Сопоттағы жеңісінен кейін бірден Республика сарайында концерт берген еді!”
“Стиль!”
“Қандай әдемі әрі сәнді! Роза Қуанышқызы – біздің мақтанышымыз!”
“Роза Рымбаева! Эстрадамыздың жұлдызы! Дауысы қандай керемет! Өзі қандай жарасады, әрдайым формада!”

Айта кетейік,  мерейтойлық концерт 7 ақпанда Алматыдағы Республика сарайында өтеді және сағат 19:00-де басталады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кетіп, 2 айдан кейін денесі табылған ерлі-зайыптылардың жер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Фармацевтикалық қалдықтар мәселесі соңғы жылдары экожүйе қауіпсіздігімен тікелей байланысқан өзекті...