Атырау облысында жол-көлік оқиғасынан екі сәби қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
927

atyrauoil.official басылымының мәліметінше, 26 наурыз күні күндіз Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде ауыр жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, елді мекен ішінде отбасы отырған жеңіл автокөлік пен минивэн соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бір сәби оқиға орнында көз жұмса, екіншісі алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

– 26 наурыз күні Доссор кентінде Toyota Estima және Opel автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, – деп хабарлады полиция.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...