Несие алатындар үшін маңызды өзгерістер

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
150

Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу мен дамытудың биылғы 8 айдағы нәтижелері және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қасым-Жомарт Тоқаевқабанктер туралы жаңа заңды іске асыру аясында заңға тәуелді актілер базасы толығымен жаңарғаны, 80 нормативтік-құқықтық акті қабылданғаны жөнінде баяндалды. Банктердің активтері 75,6 триллион теңгеге дейін (6,9 пайызға)ұлғайған, капиталдың жеткіліктілігі20,7 пайызды құрайды.

Агенттік қадағалау қызметі шеңберінде 8 айда қаржы секторы субъектілеріне 279 инспекторлық тексеру жүргізген.190 қадағалау шарасы қолданылып, 465 миллион теңге сомасында айыппұл салынған.Микроқаржыландыру және коллекторлық агенттіктер нарығында жұмыс істейтін 13 субъекті лицензиясынан айырылды,ал алтауының лицензиясы уақытша тоқтатылып, 4 коллекторлық агенттік тізілімнен шығарылды.

Президентке халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және экономиканы қаржыландыруды кеңейту шаралары жөнінде мәлімет берілді. Бизнеске арналған кредиттер 3,5 пайызға ұлғайып, 16 триллион теңгеге жетті. Кәсіпкерлікке жаңадан берілген кредит көлемі жыл басынан бері 19,1 пайызға өсіп, 12,5 триллион теңгені құрады. Реттеу шараларының нәтижесінде 7 ай ішінде тұтынушылық несиенің өсімі 4,6 пайызға дейін баяулады. Биыл шілде айынан бастап мерзімі кешіктірілген берешекті ұжымдық реттеудің Finkelisim.kz платформасы іске қосылды. Жыл соңына дейін азаматтардың арыз-шағымдарын қарау үшін Бірыңғай қаржы омбудсмені кеңсесі жұмыс істей бастайды, - делінген Ақорда хабарламасында. 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадағы жайма-шуақ ауа райы туралы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысының Құрық ауылында қатты жел тұрғын үйдің шатырына зақым келтірді, деп хабарлады Mad...