«Сәбиді бай мен кедейге бөлмеңіздер»: Мұрат Әбенов жәрдемақыны қысқартуға қарсы шықты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
203

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов бала тууға байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақыны қысқарту жөніндегі ұсынысқа пікір білдірді. Депутаттың сөзінше, мемлекеттің қолдауы отбасының материалдық жағдайына қарамастан әр балаға тең берілуі керек, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Әбенов бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол отбасыларды табысына қарай бөліп, балаға берілетін көмекті соған байланысты белгілеу дұрыс емес деп есептейді.

«Сәбиді "бай" мен "кедейге" бөлуді тоқтату керек! Әр бала мемлекеттен тең қолдау алуы тиіс! Бүгін жағдайы жақсы отбасы ертең қиындыққа тап болуы мүмкін. Мемлекет әр баланы бірдей қолдауы қажет», – деп жазды депутат.

Оның пікірінше, отбасыларды «мұқтаж» және «ауқатты» деп жіктеу мемлекеттік қолдауды алудың тәртібін күрделендіріп, артық бюрократияға әкелуі мүмкін. Депутат мұндай тәсіл жемқорлық тәуекелдерін де арттыратынын алға тартты.

«Отбасыларды "мұқтаж" немесе "ауқатты" деп сұрыптау тек қағазбастылық пен жемқорлыққа жол ашады. Баладан үнемдеу – елдің болашағынан үнемдеу!» – деді Мұрат Әбенов.

Осылайша депутат бала тууға байланысты мемлекеттік қолдауды отбасының табысына қарай шектеуге қарсылық білдіріп, әр сәбиге бірдей әлеуметтік кепілдік берілуі керек деген ұстанымын жеткізді.

СПОРТ

Футболды көпшілік әлемдегі ең танымал спорт түрі ретінде біледі. Бірақ біз күн сайын көріп жүрген ма...

ТЕАТР

Бүгінде театрға бару белгілі бір мәдениетті талап етеді: көрермен спектакль басталғанға дейін орнына...