Нұрай Серікбайдың ағасының жазбасы елді жылатты

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
453

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол қарындасына арнаған жазбасында әділдік орнауы үшін бар күшін салып жүргенін айтып, өзін кешіруін сұрады.

«Нұрайка, әділдік орнауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Мені кешірші... Сені қорғап қала алмадым...» — деп жазды Сұлтан Серікбай.

Айта кетейік, Нұрай Серікбайға пышақ жарақатын салып, адам өліміне әкелген қылмыс жасаған адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сол шешімнен кейін Сұлтан Серікбай қарындасының алдындағы бір міндеті орындалғанын сезініп, қорғай алмағаны үшін кінәлі екенін де жазып, қоғамның көңілін босатты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...