«Серікжан Біләш қасиетті проза мен поэзияға тіл тигізді»

Жаңалықтар
5918

facebook.com әлеуметтік желісіне «Атажұрт еріктілері» тіркелмеген қоғамдық ұйымның жетекшісі Серікжан БІЛӘШҚА арналған ашық жат жарияланды. Бұған дейін қоғамдық белсендінің «Біз , «Атажұрт» — танкіміз! Ақындар — тышқан, жазушылар – сасықкүзен!» деген видео үндеуі жарияланған еді.



2018 жылдың 8-ақпан күні Серікжан Біләш өзінің үстінен қылмыстық кодекстің 174 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын Жас Алаштілшісіне айтқан болатын. Оның айтуынша, бір топ ақын-жазушылар біздің ар-намысымызға тіл тигізді деп сотқа шағымданған. Және тіркелмеген ұйымды басқарды деп әкімшілік іс те қозғалып, тіпті сот үкім шығарған. «Атажұрт еріктілері» тіркелмеген ұйымы Қытайдағы саяси үйрету лагеріндегі қазақтардың ауыр жағдайын айтып, Сайрагүл САУЫТБАЙДЫҢ ісінде белсенділік танытқан. 

ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ СЕРІКЖАН БІЛӘШҚА АШЫҚ ХАТ!

«Біз , «Атажұрт» — танкіміз! Ақындар — тышқан, жазушылар – сасықкүзен!» — депті, Серікжан Біләшев. Ақпарат ағымынан.

Әй, Серікжан баурым! 
Сен «бояушы, бояушы – дегенге, сақалын бояйды» — дегендей, Серікжан, Серікжан! – дегенге тым «семіріп» қазақтың «басына шығып» дандайсып кеттің-ғой. Олай дейтінім, сенің «Ақындар – тышқан, жазушылар – сасықкүзен! Танкімен басып өтіп, қытайға бара жатырмын» — деген дөрекі, даңғой сөзің бүткіл қазақтың қасиетті поэзиясы мен прозасына тіл тигізу! 
Сені «жындандырған» ана хатқа қол қойғандардың қатарында қазақтың поэзиясы мен прозасын әлемге танытқан ақсақал ақындар мен жазушылар бар. 
Сен қазақты ақын, жазушыларымен қосып танкпен таптасаң, қара қытайдан да өткен фашист болдың-ғой! 
Сен басады екен деп, жолыңда кілең ақын-жазушылар жатпайды, біздің қасымызда қатындарымыз бен бала-шағамыз бар емес пе? 
Сонда сен, қытайдағы қазақтарды құтқару үшін, Атажұртыңдағы қазақтарды ақын-жазушыларымен қосып қырушы ма едің? Не деген қанішерсің! 
Сенің қытайдағы қазақтарға араша түсіп, шырылдап жүргеніңе разы болып, тілеуіңді – тілеп отырамыз. Сенің батылдығыңа, білімділігіңе, шешендігіңе, көп тіл білетіндігіңе тәнті болдық. 
Бір-ақ, Атажұртыңдағы қазақтың төріндегі Ақсақал-қарасақалдырына тіл тигізгенің, сенің өреңнің аласа, санаңның таяз екен көріп, өкініп отырмын. 
Сен керемет шешенсің! Саған, «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай», басқа бір теңеулер мен жүйелі сөзбен өз пікіріңді жеткізуге болар еді. Сен мына дөрекі сөзіңмен нағыз ер мінез емес, қазан-ошақ басындағы шайпау қатының мінезін көрсеттің! 
Қазақты бөліп-жарып, арасына «сына қағып» ұшпаққа шықпайсың! Сен осы оғаш мінезіңмен өзіңді қолдап жүрген талай Азаматтардың көңіліне күдік ұялаттың! 
Сен Америка мен Европаға сеніп, кеудеңді керме! Қытай Америкаң мен Европаңды ұрмайды! Оны сен менен жақсы білесің. 
Сенің арқа сүйер тірегің тек қана — ҚАЗАҚСТАН! 
Осыны есіңнен шығарма! Сондықтан да, сен көпке созбай, тілің тиген Ақсақал ақын, жазушылардан кешірім сұра! 
«Алдыңа келсе – Атаңның құнын кеш!» — деген дана қазақ! 
Ақсақалдар сені кешіреді.

Аймұханбет Бейсембеков — ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Шәкәрім атындағы университеттінің профессоры, сатирик-ақын.

Фото: azattyq.org

СЕРІКЖАН БІЛӘШ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫН ТЫШҚАН МЕН САСЫҚ КҮЗЕНГЕ ТЕҢЕДІ (ВИДЕО)

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...