Нұрай Серікбайдың ісі бойынша алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
536

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысының күні белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаровтың мәліметінше, алдын ала тыңдау 21 шілде күні сағат 10:00-де мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта өтеді.

“Жәбірленуші тараптың мүддесін адвокаттар Аяхан Омаров пен Мұхаммеджан Ахметов қорғайды”, – делінген жазбада.

Алдын ала сот отырысында істің негізгі қарауға дайындық деңгейі бағаланады. Сонымен қатар дәлелдемелерді зерттеу тәртібі айқындалып, істің алқабилердің қатысуымен қаралатын-қаралмайтыны жөнінде шешім қабылданады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында өлі күйінде табылған Бауыржан Асаиновтың қазасына қатысты тың ақпарат пайда болды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Чилиде ұшаққа найзағай түсіп, салон жарқ ете қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Антофагастадан...