Қызылорда облысында белгісіз жағдайда жоғалып кеткен жас жігіттің мәйіті табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1091

Қызылорда облысында белгісіз жағдайда жоғалып кеткен жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға Жаңақорған ауданында болған.

Желіде тараған ақпарат бойынша, марқұм 30 мамыр күні түнде із-түзсіз жоғалып кеткен.

Марқұмның жақындары оның мәйітін құдықтан тапқан.

Облыстық полиция қылмыстық іс қозғады.

Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамалды.

"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - дейді полициядағылар.

Қылмыстық істі тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.