Тоқаев «Тазару күніне» орай қазақстандықтарға үндеу жасады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
457

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тоқаев «Тазару күніне» орай еліміздің әр түкпірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық эауқымды экологиялық акция басталғанын мәлімдеді.

«Бұл – Наурызнама онкүндігінде айрықша орын алатын күн. Қоғамымыздың жаңғыруы күллі табиғаттың жаңаруымен тұспа-тұс келіп отыр. Уақыт пен іргелі өзгерістердің осылай үндесуі баршамызға Отанымыздың игілігі жолында аянбай еңбек етуге айрықша күш-жігер беретіні сөзсіз», деді ол.

Тоқаев Наурыз мейрамы кезінде қабылданған жаңа Халық Конституциясында азаматтардың табиғатқа қамқорлықпен қарауы ұлттық дүниетанымның басты қағидатының бірі ретінде айқындалғанын айтты.

«Ата заңымыз қоғамда дүниетанымымыз бен бітім-болмысымыздың өзегі саналатын ынтымақ, жауапты әрі жасампаз отаншылдық, сондай-ақ «Таза Қазақстан» құндылықтарын қалыптастырады», деді мемлекет басшысы.

Тоқаев бүкіл халықты тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде куәгерлер Lada көлігінің жолаушысы жол үстінде жүріп келе жатып, аяғын терезеден шығарып а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрғали Нұғман есімді қазақстандық жігіт бала кезінде киноға түсіп, "Балапан" арнасындағы жобалар ар...