14 шілде күні Бурабай аспанының астында қазақ опера өнерінің інжу-маржаны – М.Төлебаевтың &laq...
Петропавлда ауыр күйік алған жұмысшы көз жұмды
Фото: Pixabay
778
Петропавлда ауыр күйік алған жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы растады.
«Науқас жансақтау бөлімінде емделді. Дәрігерлердің барлық көмегіне қарамастан науқас қайтыс болды», - дейді дәрігерлер.
Еске сала кетейік, оқиға 8 шілдеде бетон өндіретін кәсіпорында болды. Битумды қыздыруға пайдаланылатын май тұтанып жанған. 51 жастағы ер адамның денесінің 95%-ын термиялық күйік шалған болатын.