“Оларға бәрібір болды": Шерзаттың ата-анасы ұлдарынан айрылу сәтін еске алды

Фото: Видеодан алынған кадр

Жаңалықтар
306

Кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ата-анасы Airan YouTube арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Шерзаттың ата-анасы мен бауырлары әлі күнге дейін үйіне бармаған. Дүкенді де жауып тастапты. Олар ата-анасының үйінде тұрып жатыр екен. Сонымен қатар Шерзаттың әкесі Қаржаубай ешкімнен көмек сұрамағанын, ақша жинамағанын алға тартты.

Қайғылы оқиға болғаннан кейін әлдекімдер Шерзаттың әкесін қорқытқан. Бірақ қазір бәрінің тынышталғанын айтады.

"Шерзатымызды күнде еске аламыз. Оның өлімі бізге ауыр тиді. Ұлым еркін, ержүрек, мейірімді бала еді. Барлығына көмектесуге тырысатын. Ол ақкөңіл еді. Менің сөзімді жерге қалдырмайтын”, – дейді Шерзаттың анасы.

Ол баласын өлтіргендердің жан-жағына назар да салмағанын айтты. Шерзаттың анасы баласын қорғап, оны өлтірмеулерін сұраған.

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...