Үндістанда жүздеген оқушы өлген жылан қосылған астан уланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Мокама...
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды
Фото: freepik
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің мәйіті құдықтан табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, марқұмның кәмелетке толмаған туған інісі күдікке ілінген.
Мейіржан Рүстем 30 мамыр күні түнде үйінің ауласында ұйықтаған. Алайда таңертең жақындары оның жоғалып кеткенін байқаған. Туыстары өз беттерінше іздеу жұмыстарын жүргізіп, жігіттің денесін бір тәуліктен кейін үйінен шамамен 400 метр жердегі жергілікті су құбырының құдығынан тапқан.
Туыстарының айтуынша, марқұмның денесінде көгерген іздер мен мойнында жіпке ұқсас іздер болған. Кей деректе оның денесі көрпеге оралған күйде табылғаны айтылған.
Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша марқұмның 15 жастағы туған інісі күдікті ретінде қамауға алынған. Алайда отбасы бұл нұсқамен келіспейді. Туыстары жасөспірімнің қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып, істің барлық мән-жайы толық әрі объективті тексерілуін талап етіп отыр.