OLX арқылы сатылған суррогат: Астанада заңсыз сауда тоқтатылды

Madeniet Portaly

ЖАҢАЛЫҚТАР
859

Астанада Дала Қырандарының Saq жасағы OLX арқылы сатылған суррогат алкогольді анықтады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Астанада Saq жасағы рейд барысында OLX платформасы арқылы қолдан жасалған суррогат алкогольді заңсыз сатумен айналысқан тұрғынды анықтады. Ер адам өнімді Абылайхан көшесіндегі №54 үйде орналасқан өз пәтерінен сатып келген. Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері 3 литр суррогат алкогольді тәркіледі.

Айта кетейік, бұл заңсыз іс-әрекет қарапайым көпқабатты үйде болған. Сол үйде отбасылар тұрады, балалар ойнайды. Ал дәл сол жерде бір адам денсаулыққа аса қауіпті өнімді ашық түрде саудалап отырған.

Мамандардың айтуынша, қауіпті заттар көбіне көрші пәтерден немесе интернеттегі хабарландыру арқылы сатылып жатады. Оны «қауіпсіз тауар» деп ойлаған тұрғындар өз өмірін қатерге тігуі мүмкін.

Сaq жасағы тұрғындарды мұндай жағдайлар туралы жасырмай хабарлауға шақырады. Дер кезінде анықталған фактілер ғана қауіпті өнімдердің таралуына жол бермейді.


ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...