Қызылордада полиция көлігіне түкіріп, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған балалар жа...
Жаңа жыл мерекесі кезінде теракт жасауды жоспарлаған 115 адам ұсталды
Фото: freepik
Стамбұлда бейсенбі күні ауқымды операция өтіп, оның барысында Жаңа жыл мен Рождество мерекесі кезінде теракт жасауды жоспарлаған деген күдікпен 115 адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Басылымның жазуынша, Стамбұлдың Бас прокуратурасы тергеу аясында 137 адамды қамауға алуға ордер берген. 115 күдікті Стамбұлдағы 124 мекенжайда жүргізілген операция кезінде ұсталған. Тінту кезінде олардан тапаншалар, оқ-дәрі мен көптеген құжат тәркіленген.
Бас прокуратураның мәліметінше, күдіктілер алдағы Рождество мен Жаңа жыл мерекесі кезінде мұсылман еместерге қарсы шаралар қолдануға шақырған.
Ұсталғандардың кейбірі қақтығыс аймағынан келген.
Күдіктілердің банк шоттары арқылы Сириядағы қақтығыс аймақтарындағы ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған – ред.) мүшелері мен олардың отбасыларына қаржылай көмек көрсеткені анықталған. Осыдан кейін Анкараның Қауіпсіздік басқармасының Антитеррорлық бөлімі күдіктілерді ұстау оперциясын бастаған.