Қазақстаннан «Оскарға» ұсынылған фильм белгілі болды

Фото: «Кадет»

ЖАҢАЛЫҚТАР
841

Режиссер Әділхан Ержанов Instagram-дағы парақшасында өзінің «Кадет» фильмі АҚШ-та өтетін «Оскар» сыйлығында «Үздік халықаралық толықметражды фильм» аталымына Қазақстан атынан ұсынылатынын хабарлады, деп жазады MADENIPORTAL.KZ.

«“Кадет” “Оскарға” барады! Фильмді Қазақстан атынан ұсыну үшін біздің комитет таңдап алды. Фильмге сенім білдірген комитетке, әріптестеріме алғыс айтамын», – деп жазды Әділхан Ержанов.

Оның айтуынша, көптеген компаниялар фильмді тым қараңғы атмосферасына байланысты қабылдамаған.

«Соңында фильм Берлинале, Токио, Карловы Вары, SXSW және басқа да фестивальдерге қатысып, ең бастысы – өз шағын бюджетінің шығынын прокат арқылы қайтарды. Енді міне – біздің комитетіміз фильмді “Оскарға” номинацияға ұсынды. Көрерменіміз әртүрлі киноны қалайды. Біздің жанрлар жаңарып жатыр!» – деп жазды режиссер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде сайлаушылардың назарын ерекше перформанс аударды, деп хабарл...