«Өмір ғой, барлығын қабылдадым»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекпен ажырасуы туралы айтты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1274

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың зайыбы Мөлдір Мұқанова тележүргізуші Анна Данченкоға сұхбат беріп, желіде тараған қауесетке жауап берді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

“Көзімде мұң бар ма? Ет пен сүйектен жаратылған адамбыз ғой. Барлығымыз бірдей пенде, бірдей адамбыз. Барлығымыз бірдей жаратылғанбыз. Менің өмірде күліп, жарқырап жүргенімнің барлығы ішімдегі дүниемен толықтай сай деп айта алмаймын. Қазір кез келген сұраққа жауап бере аламын. Кез келген нәрсені қабылдадым. Солай өмір сүру жеңіл екеніне енді ғана көзім жетті. Бұл - өмір. Өмір болғаннан кейін “мен ерекше жаратылғанмын, менде ғана бәрі идеально болады” деген ой ешкімде болмауы керек. Сондықтан да деп жыласаң… Кешегі жылап қалған сәтім туралы сұрақ қойдың ғой. Кинода сондай сюжет болады. Кинода съемка уақытында ішім алай-дүлей болып жатыр… Бірақ толықтай көз жасым шыққан жоқ. Қолымнан келгенше жеткізіп көрдім. Актриса емеспін. Кино біткеннен кейінгі көрініс. Сол сәтте құрбым қасымда отырып түсіріп алған. Ол өз парақшасына салыпты. Содан кейін соавторство жіберген екен. «Жарайды» дедім. Жасыратын несі бар?”,- деді Мөлдір Мұқанова. 

Журналисттің: “Ресми түрде ажырастыңыздар ма?” деген сұрағына:

“Мен бұл сұраққа жауап бермеймін деп шештім. Бәрі жақсы. Еш алаңдамаңыздар. Осы сұраққа жауабым. Бізде бәрі жақсы”,- деді Мөлдір Мұқанова. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...