«Өмірі тым қысқа болды»: Каспийде қаза тапқан Өмірбек Өмірзақ туралы мәлімет жарияланды

әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2460

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың бірі – Өмірбек Өмірболатұлы Өмірзақ туралы мәлімет жарияланды. Марқұм Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданына қарасты Ұялы ауылында дүниеге келген, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өмірбек Өмірзақтың есімі бұған дейін Каспийдегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан әскери қызметшілердің тізімінде аталған болатын.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, марқұмның атасы Өмірзақ Ажғұлов – Ауған соғысының ардагері.

«Марқұм Өмірбектің атасы Өмірзақ Ажғұлов – Ауған соғысының ардагері екенін біліп жатырмыз. Әулетіне қайғыра көңіл айтамыз!» – деп жазды желі қолданушылары.

Өмірбекті таныған азаматтар да оның жақындарына көңіл айтып, сарбаз туралы естеліктерімен бөлісіп жатыр.

«Құдай-ау, өмірге құштар Өмірбектің өмірі тым қысқа болғаны-ай, өте өкінішті! 12 сарбазды ойлап, жылап отырмыз тоқтамай», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айту жалғасып жатыр.