Қарағандыда мотоцикл мінген жасөспірім 8 жастағы қызды басып кеткен

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
719

Қарағанды облысында 17 жастағы жасөспірім мотоциклмен 8 жастағы қызды қағып кетіп, салдарынан бала оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қайғылы жағдай Көктекті станциясында болған. Полиция мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірім Enduro маркалы мотоциклмен келе жатып, баланы қағып кеткен. Қыз ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Жасөспірімнің өзі де зардап шеккен. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасынан кейін полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу тек жасөспірімге қатысты емес, оның ата-анасына қатысты да басталды.

Тергеу нұсқасы бойынша, олар жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлік басқаруға рұқсат берген. Полиция өкілдері көлікті басқару құқығы жоқ кәмелетке толмағандарға транспорт құралын беру ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...