«Үйіне арнайы барды»: Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына көңіл айтты

Фото: Азамат Әбілқайыр

ЖАҢАЛЫҚТАР
459

Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың шаңырағына барып, жуырда көз жұмған ұлының қазасына көңіл айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлемді бағындырған жұлдыз Димаш Құдайберген қазақтың белгілі ақыны, жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Шахановтың үйіне арнайы барды.

Бұл туралы тележурналист Азамат Әбілқайыр Threads желісіндегі парақшасында жазды.

«Бүгін әнші Димаш Құдайберген белгілі Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына байланысты арнайы келіп, көңіл айтыпты. Міне, қазақылық, міне тектілік! Зау биікті жүрсе де уақыт тауып, арнайы келгенін айтсаңшы!

Қайғысына ортақтасып, жүрегіне жазылмас жара салған бұл ауыр күнде ағамыздың шаңырағында құран бағыштағанының өзі бір көрегенділік. Бәрі үйдегі тәрбиеден ғой негізі», - деп жазды ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актер Азамат Сатыбалды Президенттің жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды,...