Атырауда Дина Нұрпейісованың бейнесі алаңнан өшпей қалды

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
118

Ұлттық домбыра күніне орай Атыраудағы «Сұлтан Бейбарыс» алаңында ауқымды мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Домбырашылар мен би ұжымдары өнер көрсетіп, арнайы қойылым арқылы қазақтың ұлы күйшісі Дина Нұрпейісованың бейнесін сомдады. Биіктен қарағанда қатысушылардың орналасуы әйгілі күй анасының келбетін айқын көрсеткен.

Композицияны жасау үшін алаңның тас төсеміне арнайы сызба түсіріліп, соның көмегімен қатысушылар өз орындарына тұрған.

Алайда мереке аяқталғаннан кейін күтпеген мәселе туындады. Алаңға сызылған белгілер әлі күнге дейін өшпей тұр. Тұрғындардың айтуынша, коммуналдық қызмет мамандары суретті бірнеше рет жуып көруге әрекет жасағанымен, оны толықтай кетіру әзірге мүмкін болмай отыр.

Салдарынан Дина Нұрпейісованың сұлбасы әлі де анық көрінеді. Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

"Ешқандай да күлкілі емес.Кететін нәрсе бәріде. Халыққа да сол керек не болса соны сөз қылып", "Дина апамыздың бейнесін аяқпен басуға болмайды-ау", "Басқа проблема жоқ, дә, сонда? Тек осы бояу қалып тұр?", - деген секілді түрлі пікірлер қалдырылған.

Айта кетейік, атақты Күй анасы Дина Нұрпейісова туралы сіз білмейтін деректерді оқи отырыңыз.