Рамазан Амантай салмағына қатысты сынға жауап берді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
161

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдіргендерге үн қатты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесінің айтуынша, кейбір қолданушылар оның дене бітімі мен салмағын талқылап, бұл мәселеге байланысты түрлі сын айтқан. Тіпті актердің өнерден кеткенін қалайтын пікірлер де жазылған.

Рамазан Амантай мұндай көзқараспен келіспейтінін жеткізді. Оның сөзінше, адамның өнердегі орнын оның сыртқы келбеті емес, кәсіби қабілеті мен шығармашылық еңбегі айқындауы тиіс.

Актер өзіне айтылған жағымсыз пікірлерге бола өнер жолынан бас тартпайтынын да атап өтті. Ол шығармашылығын әрі қарай жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Желі қолданушыларының бір бөлігі актерді қолдап, адамның дене бітімін талқылап, оның кәсіби жұмысына баға берудің орынсыз екенін жазды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...