Жол апатынан екі бала қайтыс болды

Сурет: Ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
6330

Теміртау қаласы маңында екі көлік соқтығысып, екі бала қаза тапты. 10 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға сағат 17:56-да болған. 

«Апат салдарынан Chevrolet Nexia көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, екі көліктегі он жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қаза тапқандардың екеуі де кәмелеттік жасқа толмаған», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...