Орыс, армян, неміс ұлттарының өкілдері Абай облысында жаңа мешіт салып жатыр

Сурет облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2281

Облыс әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында аудан орталығында салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Төрт мұнаралы, 500 орындық мешіттің құрылысы 2023 жылы басталған. Ғибадат үйіне осы уақытқа дейін демеушілер көмегімен, орыс, армян, неміс ұлттарының өкілдері және жергілікті тұрғындардың жәрдемдесуімен 200 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Құрылысты толық аяқтау үшін 30 миллион теңге қажет.

Аймақ басшысы мешіт құрылысын аяқтауға демеушілер арқылы қолдау көрсетілетінін айтты. Құрылыс жоспарға сай жүргізілсе ғибадат үйі Құрбан айттан кейін пайдалануға беріледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...