Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы тағайындалды

Фото: censor.net

ЖАҢАЛЫҚТАР
129

Иранда елдің жаңа Жоғарғы көшбасшысы анықталды. Аятоллалар Кеңесінің шешімімен Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеи бұл лауазымға сайланды, деп хабарлады MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.

56 жастағы Моджтаба Хаменеи Жоғарғы Көшбасшы қызметіне ұсынылған негізгі үміткерлердің бірі болған.

Жаңа басшы Иранның бұрынғы Жоғарғы көшбасшысы Аятолла Әли Хаменеидің екінші ұлы. Сондай-ақ Моджтаба Хаменеи Иранның Ислам революциялық гвардия корпусымен тығыз байланысы бар ықпалды діни-саяси тұлғалардың бірі ретінде белгілі.

Бұған дейін Иранның Жоғарғы көшбасшысы Аятолла Әли Хаменеидің қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Осыған байланысты елде уақытша көшбасшылық кеңесі құрылып, өтпелі кезең басқару тәртібі енгізілген.

Өтпелі кезеңде Иран президенті Масуд Пезешкиан мемлекет басшысының міндеттерімен қатар Жоғарғы көшбасшының өкілеттіктерін де уақытша атқарған. Енді Аятоллалар Кеңесінің шешімімен елдегі жоғарғы діни-саяси билік ресми түрде Моджтаба Хаменеиге өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Дубайдағы АҚШ консулдығы маңында өрт шыққан, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Өрт ауыздықталып,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сейсенбі күні, 3 наурызда, Рудный қаласында тұрғын үй ауласында «Газель» көлігі баланы қ...