Өскеменде әйел адам қымбат сақинаны тағып көрген соң бижутерияға ауыстырып жіберген

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
1197

Өскеменде сауда орталықтарының бірінде әйел адам өзіне ұнаған алтын сақинаны өлшеп болғаннан кейін бижутерияға ауыстырып жіберген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицияның мәліметінше, зергерлік бөлімге ерлі-зайыптыға ұқсас жұп келген. Әйел адам неке сақинасын киіп көріп тұрған сәтте, ер адам белгісіз себеппен дүкеннен шығып кеткен, ал көп ұзамай әйел де сауда орнынан кетіп қалған.

Кейін дүкен қызметкерлері құны 200 мың теңгеден асатын алтын сақинаның орнына бижутерия қалдырып кеткенін анықтаған. Бейнебақылау камераларын қарау барысында сақинаның әдейі ауыстырылғаны расталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, күдіктілерді анықтау және ұстау мақсатында жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...