Жойқын дауылдан адамдар көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2191

Қуаты жойқын «Эовин» дауылы Ұлыбританияға  жетті, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Елдің Метеорология қызметі «бұл кейінгі 10 жылдағы ең күшті дауыл» деп бағалаған. Сондай-ақ қар аралас жаңбыр жауып жатыр.

Алғашқы соққыны Шотландия мен Солтүстік Ирландия қабылдады. Ол жақтардағы желдің екпіні сағатына 160 шақырымға жеткен. Өкінішке орай, 1 адам опат болды. 

Мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылып, қоғамдық көлік тоқтады. Жарты миллионға жуық тұрғын жарықсыз қалған. Су беру жүйесі де қиындады. Синоптиктер қолайсыз күн райы әлі 1 апта бойы сақталатынын ескертіп, жолға шықпауға кеңес берді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...