Ыстанбұлда Түркі инвестициялық қорына мүше басқарушы елдер кеңесінің (ТИҚ) алғашқы ұлықтау отырысы ө...
Мас жүргізуші 4 жасар қызды қағып кетті
Фото: freepik
2241
Мас жүргізуші Бурятияда жолға шығып бара жатқан 4 жасар қызды қағып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Оқиға бүгін, 10 қаңтар күні түстен кейін болған. Кішкентай қыз Ошурково ауылында атасының бақылауымен ойнап жүрген. Бір кезде қызды 25 жастағы мас жүргізуші "УАЗ"көлігімен қағып кетті.
Апат салдарынан қыз әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші ұсталды, оның жүргізуші куәлігі жоқ болып шықты. Сараптама көрсеткендей, ол апат кезінде мас болған.