Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
94

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы мәртебесінен айырылды. Бұл туралы Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков мәлім етті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Федерация президентінің айтуынша, аталған шешім IBF ұйымының қолданыстағы қатаң регламент талаптарына сәйкес қабылданған.

«IBF тарапынан ресми хабарлама келіп түсті. Белгілі болғандай, аталған ұйымның ішкі талаптары өте қатаң. Ресми құжатқа сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін жарыстардан шеттетілген. Ал ұйым ережесіне сай әрбір чемпион өз атағын тоғыз ай ішінде қорғауға міндетті. Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын 2026 жылғы 4 шілдеге дейін қорғауы тиіс болған. Осыған байланысты 2026 жылғы 5 наурызда IBF директорлар кеңесі чемпиондық белбеуді вакантты деп жариялау жөнінде шешім қабылдады», – деді Рақымжан Ерденбеков.

Сонымен қатар федерация басшысы аталған жағдайдың боксшы командасы үшін маңызды тәжірибе болғанын атап өтті. Оның пікірінше, Жәнібек Әлімханұлы алдағы уақытта үлкен рингке қайта оралып, жоғары деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

«Бұл жағдай Жәнібек Әлімханұлының командасы үшін елеулі тәжірибе болды деп есептеймін. Соған қарамастан, оның биыл рингке қайта оралып, бұрынғыдан да мықты өнер көрсететініне сенім білдіремін. Болашақта ол төрт әлемдік белбеуді де иеленуге қауқарлы. Сонымен бірге спортшының командасы қабылданған шешімге қатысты апелляциялық тәртіппен шағым түсіруді жоспарлап отыр», – деп толықтырды ол.

Айта кетейік, 2025 жылғы желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы допингке қарсы тексерістен өте алмаған болатын.

МУЗЫКА

Қазақ елінің ұлттық құндылықтарының бірі – баланың әже-атасының бауырында өсуі. Әсіресе әже...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында құтқару жұмыстары кезінде қызметтік борышын атқару барысында ТЖД қызметкері қаза та...