Краснодардан келген жас ана сәбилерімен бірге көз жұмды. Туыстары дәрәгерлерді кінәлап отыр, деп хаб...
Қазақстанға 1 млннан аса этникалық қазақ оралды
Фото: freepik.com
2699
Қазақстанға тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн-нан астам этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, жыл басынан бері 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Биыл қандастардың басым көпшілігі келген елдер:
Қытайдан – 45,9%;
Өзбекстаннан – 39,2%;
Моңғолиядан – 5,8%;
Түрікменстаннан – 5,2%;
Ресейден – 2,8%;
басқа елдерден – 1,1%.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ оралды.