Өскемендегі салондардың бірінде блефаропластика жасатпақ болған әйел ажал құшты, деп хабарлайды made...
Өзбекстандық танымал бьюти блогер терезеден секіріп мерт болды
Фото: видеодан скриншот
11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні Самарқандта 8-қабаттың терезесінен құлап кеткен 23 жастағы Гузали Махматқұлованың өлімі туралы видео TikTok желісінде танымал болды. Белсенді қауымның айтуынша, ол күйеуі мен енесі тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық пен психологиялық қысымның құрбаны болған, деп хабарлайды madeniportal.kz liter.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Uznews.uz агенттігі де хабарлады. Бойжеткеннің косметолог болып жұмыс істегені, қайырымдылық істеріне белсене араласқаны және әлеуметтік желілерде блог жүргізгені, оның 116 мың жазылушысы болғаны хабарланды.
Ол көктемде тұрмысқа шыққан. Белсенділердің айтуынша, олар жариялаған жеке хабарламаларында Гузаля күйеуін сирек көретінін, ол оған мән бермейтінін және оны «семіз және ұсқынсыз» деп атайтынын айтқан.
Онымен бірге тұратын қайын енесі оған физикалық және эмоционалдық зорлық-зомбылық көрсеткен деген болжам бар. Нәтижесінде Гузаля қатты арықтап, көгерген іздер пайда болып, психоэмоционалдық жағдайы нашарлады. Хат алмасуда бойжеткен күйзеліске байланысты өзіне деген сенімін жоғалтқанын және «жәй өлгісі келетінін» мойындады.
Туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға өзін-өзі өлтіру болып саналады, бірақ туыстарының ешқайсысы бұл нұсқаға сенбейді. Гузалидің таныстары оны күйеуі мен қайын енесі өлтіргеніне немесе өз-өзіне қол жұмсауға итермелегеніне сенімді.