Оқушылар білім гранттарына онлайн өтініш бере алады

Фото: ulan.kazgazeta.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
977

Оқушылар білім гранттарына онлайн өтініш бере алады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қазақстанда 2025 жылғы жоғары білімге арналған мемлекеттік грантқа өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Талапкерлер 13–20 шілде аралығында eGov.kz порталы арқылы немесе жоғары оқу орындары базасында өтініш бере алады. Онлайн қабылдау 13 шілде күні сағат 09:00-де ашылады және 20 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады. 

Грантқа өтініш беру үшін төмендегі құжаттар қажет:

• аттестат немесе дипломның скан көшірмесі;

• 3×4 форматындағы фотосурет;

 • медициналық-әлеуметтік көрсеткіштер болса ; 

Өтініш беру кезінде электрондық кезек пен 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жүйесі жұмыс істейді. Мамандар үміткерлерге өтініш толтырып жатқанда шолғыш терезесін жаппауға кеңес береді, себебі бұл жағдайда электронды кезек жойылып кетуі мүмкін. 

Грант беру нәтижелері 10 тамызға дейін талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.