Оңтүстік Африка Республикасында күн күрт суытып, 49 адам ажал құшты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ....
Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын жаңа палата құру ұсынылды
Фото: Құрылтай
Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылып, оған 50 адам кіретін болады. Жаңа алаңда заң жобалары қабылданбай тұрып, яғни "нөлдік оқылым" кезеңінде қоғамдық және сараптамалық талқылау жүргізіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Құрылтай отырысында бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың жанынан Қоғамдық палата құру туралы шешім қабылданды.
Қоғамдық палата депутаттардың сарапшылармен, ғалымдармен, азаматтық қоғам, кәсіби бірлестіктер және өңірлер өкілдерімен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын тұрақты жұмыс алаңына айналуға тиіс. Оның құрамына 50 адам енгізу көзделіп отыр.
Палатаның негізгі міндеттерінің бірі – заң жобаларын "нөлдік оқылым" сатысында қоғамдық және сараптамалық зерделеу. Бұл заң жобаларын әзірлеу кезеңінде кәсіби ұсынымдарды, балама ұстанымдар мен ұсыныстарды ескеруге мүмкіндік береді.
Қоғамдық палата алаңында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері де талқыланады.
Алдағы уақытта Құрылтай Бюросы Қоғамдық палата туралы ережені бекітіп, оның құрамын айқындауға және басшылық лауазымдарға тағайындау жүргізуге тиіс.