Астана тұрғынына TikTok желісінде жариялаған видеосы үшін айыппұл салынды, деп хабарлады madeniporta...
Өзге ел азаматтығының болуы Қазақстан азаматтығын тоқтатуға негіз болады
Фото: Gov.kz
Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алтыншы отырысында жаңа Конституцияның жобасы таныстырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, бұқаралық талқылауда адамның өмір сүру құқығының абсолюттілігі, оның жеке басына тиіспеу, Миранда ережелері, цифрлық дәуірде дербес деректерді қорғау туралы нормалар қолдау тапқан.
«Қазақстан Республикасының азаматында қос немесе көп азаматтықтың болуына жол берілмейтіні анық жазылды. Өзге ел азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға негіз болады», - деді ол.
Айтуынша, комиссияның алғашқы отырыстарында әркімнің жеке басының бостандығын, құқығын қылмыстық іс жүргізу барысында қорғау кепілдерін нығайту қажеттігі айтылған. Бұл бағытта кейбір айрықша жағдайларды қоспағанда, адамды соттың шешімінсіз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту ұсынылған болатын.
«Алайда кейінгі отырыстарда бұл мәселе қызу талқыланып, нақты мерзімдер заң деңгейінде белгіленсе деген пікірлер айтылды. Олар жобада ескерілді. 18-бапта бапта сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімінен артық ұстауға болмайды деп беріліп отыр. Адамды күзетпен ұстауға тек сот шешімімен жол беріледі, ол тұлғаның шағым жасау құқығы қарастырылды», - деді Нұрмұханов.