Өзі жұмыс істемей, екі баласы мен әйеліне көшеде қайыр сұратып, ақша таптырған ер адам анықталды

Фото: ИИ/Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
2369

Бакуде балалардың құқық қорғаушысы, «Таза Әлем» қоғамдық бірлестігінің басшысы Мехрибан Зейналова екі баласы бар әйелді дағдарыс орталығына апарғанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Екі баласы бар әйелді күйеуі көшеде адамдардан қайыр сұрап, ақша табуға мәжбүрлеген.

Ол күйеуіне жұмысқа орналасуға бірнеше рет кеңес берген, бірақ ол «біздің отбасымызда ешкім жұмыс істемейді» деп ат-тонын ала қашқан.

Осыған байланысты әйел балаларына және отбасына қамқорлық жасау үшін адамдардан көмек сұрауға мәжбүр болған. Кейін ол өзі полицияға жүгінген. 

Полиция әйел мен балаларды тамақпен қамтамасыз еткеннен кейін оларды дағдарыс орталығына жібереді.

Зейналова бұл әйелдің оқи да, жаза да алмайтынын атап өтті. Ол  ер адаммен азаматтық некеде тұрған. 

«Біз қазір әйелге қиындықтарды жеңуге және қалыпты өмірге бейімделуге көмектесіп жатырмыз», - деді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...