Италиялық 64 жастағы ер адам интернетте танысқан қыз үшін Оралға ұшып келген, деп хабарлайды MADENIP...
Александр Пушкиннің ұрпағы ақынмен бір күнде өмірден өтті
ашық дереккөз
Орыс ақыны Александр Пушкиннің неменесі (прапраправнук) Вячеслав Гуцко 88 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Мемлекеттік А.С. Пушкин музейі өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.
«Символдық мәні бар: Вячеслав Александрович 29 қаңтар күні өмірден озды. Дәл сол күні (тек ескі күнтізбе бойынша) оның ұлы бабасының жүрегі тоқтаған», — делінген жарияланымда.
Вячеслав Гуцко 1939 жылы туған. Ол Александр Пушкин ұрпақтарының бесінші буыны. Әрі ақын ұрпақтарының үлкен тармағынан — ақынның үлкен ұлы Александр Александровичтен тарайды. Туыстық байланыс әйел жағы арқылы анықталған: оның анасы Татьяна Евгеньевна Гуцко (қыз кезіндегі тегі — Клименко), әжесі Мария Павловна Клименко (туған тегі — Воронцова-Вельяминова) және шөбере әжесі Наталья Александровна Пушкина — ақынның шөбересі.
Вячеслав Александровичтің кәсіби өмірбаянының басым бөлігі өнеркәсіп саласымен байланысты болды. Ол жарты ғасырдан астам уақыт бойы Лихачёв атындағы Мәскеу зауыты (ЗИЛ) жанындағы Көлік-химия машина жасау конструкторлық бюросында инженер-конструктор болып еңбек етті.
Сонымен қатар, Вячеслав Гуцко көптеген жылдар бойы Мемлекеттік А.С. Пушкин музейімен тығыз әрі жылы қарым-қатынаста болған. Оны музейдің адал досы деп атаған: ол ақын ұрпақтарының кездесулеріне және еске алу іс-шараларына тұрақты түрде қатысып жүрген.
Айта кетейік, Вячеслав Гуцко 2026 жылғы 29 қаңтарда қайтыс болған.