“Қатты қорқып кеткен”: жер сілкінген кезде ер адам бірден көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1601

Ыстанбұлдағы жер сілкінісі кезінде қатты қорқып кеткен Өзбекстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«2025 жылы 23 сәуірде Ыстанбұлда тұратын жерлесіміз жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Бастапқы мәліметке қарағанда бұл қайғылы оқиға Ыстанбұлдағы жер сілкінісі кезінде жоғарғы қабатта болған азаматтың қатты үрейге салынуы салдарынан болған», - деп жазылған хабарламада.

Өзбекстанның Ыстанбұлдағы бас консулдығы марқұмның денесін отанына жөнелту үшін қажетті консулдық, құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды қолға алды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Республиканың 8 845 280 азаматы бюллетень алды, деп хабарлайды MadeniPirtal.kz. Қызылорда облысынд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов референдумда дауыс берді. Өнер иесі дауыс беру...